Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Көрген сайын таңғаламын": Динара Сәтжанның қызы подиумда сән көрсетіп, жұртты тамсандарды (видео)

Қазақстандық кішкентай модель Диана жұртты өзінің өнерімен таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Киім үлгілерін таныстыратын кішкентай Диананың сахнадағы бейнежазбасын Аида Кәуменова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, арудың өнеріне тәнті екенін жеткізді. Сән көрсетуді үлкендерден де жақсы жүзеге асырып жүрген кішкентай Дианаға жұрт таңғалысты. Диана белігілі тележүргізуші Динара Сәтжанның қызы.

"Диана мұны өте керемет жасайды. Сахнаның сыртындағы дәлдігі мен подюмдағы сенімділігін көрген сайын таңқаламын", - деп жазды Аида Кауменова.

Сәнқой Диананың сахнада киім үлгілерін таныстыруы ерекше әсер еткен желі қолданушылары толғаныстарын жасырмады.

"Биіктерді бағындырсын! Жолы ашық, өмірге ғашық, көңілі пəк, мейірімділер қатарынан болсын!" - десті.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр