Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорғаныс министрі қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен қызметкерлерді марапаттады

Алматы гарнизонына сапары барысында ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов қаңтар оқиғасы салдарынан зардап шеккен әскери қызметшілерге барып қайтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Барлық әскери қызметшілер толық тексеруден өтті, оларға қажетті көмек көрсетіліп, ем тағайындалды. Зардап шеккендердің көпшілігі қазірдің өзінде сауығып, қызметіне қайта кірісті.

Жақсылықов госпитальда жатқан әскери қызметшілермен әңгімесінде олардың хал-жағдайы мен тұру жағдайын сұрады. Министр қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен әскери қызметшілер Қарулы Күштер қатарынан шығарылмайтынына және қызметін жалғастыратынын айтты.

Қорғаныс министрі Қазақстан халқының игілігі жолындағы лайықты қызметі үшін ризашылығын білдіріп, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері подполковник Хакім Ізбакиевке, аға лейтенант Сүннәт Қалжігітке, сержанттар Ербол Кендірбаев пен Шалқар Қылышовқа радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының курсанттары Рамиль Тұрған мен Омар Әлиевке, сондай-ақ Ұлттық ұлан әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Мейіржан Бимырзеге "Ел қорғаны" медальдарын табыс етті.

Қорғаныс бөлімінің басшысы аурухананың материалдық-техникалық базасымен де танысты. Генерал-лейтенант әскери медицина саласындағы озық тәжірибе алмасу, медицина мамандарын даярлау мақсатында шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастық орнату қажеттігін атап өтті.

Талқылау