Көптен бері көрінбей кеткен Бейбіт Қорған жаңа бейнебаян түсірді (видео)
Ол Қайрат Нұртас сияқты апта сайын жаңа ән жаздырып, ай сайын бейнебаян түсірмейді. Десе де, оның өзіндік тыңдармандары, жаңа әндерін тағатсыздана күтетін жанкүйерлері бар. Анда-санда бір жарқ ете түсетін жұлдыздардың бірі Бейбіт Қорған жаңа бейнебаянының тұсауын кесті.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әр жылдары «Маған арман», «От от жанарың», «Шоқ қыздар», «Қасымда бол» атты хиттерімен танылған әнші соңғы уақыттары сахнадан да, көгілдір экраннан да мүлдем көрінбей кеткен еді. Әнші біз ойлағандай құр қарап жүрмепті. Бейбіт Қорған «Шалқы менің шұғылам» атты су жаңа әнге бейнебаян түсірді.
Тыңдармандар көзде таса болған әншінің қайта оралғанына қуанды.
“Міне жаңа деммен келді Бейбіт”, “Алға, Бейбіт, жоқ болып кетпе. Әндерің мен клиптерің шыға берсін”, “Міне күшті клип”, – дейді желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыз:
Q-POP стиліндегі кезекті бейнебаян тағы елді шулатты (видео)
Ерлан Орынбасаров: Баянға деген сезімімді алғаш WhatsApp арқылы білдірдім
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен