Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйел күйеуінің ата-анасына жағуға міндетті емес": Австралиялық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы ол жақтағы өмірі туралы

Тілсіз жаудан бір миллиард аң-құс тірідей жанып кеткен Австралияның қазіргі жағдайы қалай? Мемлекет халыққа қандай көмек көрсетуде? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі австралиялыққа тұрмысқа шығып, сол жақта өмір сүріп жатқан қазақ қызынан сұхбат алды. Сәуле ханым Австралиядағы тұрмысы туралы және австралиялық әйелдердің қазақ қыздарынан айырмашылығы жөнінде әңгімеледі.

әйел австралия

–    Сәуле ханым, Австралияда орманды өрт алып, көп жануар қырылды. Қазір жағдай қалай? \

–    Австралияда осы жылы орын алған өрт мемлекет тарихындағы ең үлкен алапат болып қалмақ. 1 млрд жануар тірідей өртеніп кетті, 28 адам қаза тапты. Үлкен аймақтар, ұлттық саябақтар және елді-мекендерді де өрт шарпыды. Тілсіз жау әлі де басылар емес. Қайта мемлекеттің шығысында жаңбыр жауды. Бірақ өрт сөндірушілердің болжамы бойынша жаңбыр отты түгел өшіре алмайды. Тек жұмыстары біраз жеңілдеп қалатыны рас. 

–    Өрт ол жақта жыл сайын болатыны туралы интернеттен оқып-біліп жатырмыз. Соған байланысты мемлекет тарапынан қандай жағдайлар жасалған халыққа?

–    Иә, Австралияда жыл сайын ормандар өртке оранады. Осыған орай өрт сөндірушілер алдын-ала іс-шаралар жүргізеді. Өрт болатын аймақтардағы халыққа мемлекет уақытша тұратын жер береді. Негізі өрттен зардап шеккендерге көмек мемлекеттен гөрі, көбінесе қарапайым азаматтардан келеді. Осы жылы әр австралиялық көмек көрсету мақсатында өз есебінен ақша аударды. Миллиондаған доллар жиналды. Өрттен зардап шеккен адамдарға, тілсіз жаумен күресіп жатқан қызметкерлерге, жануарларға осы қаржы жұмсалып жатыр. Онымен қоса көптеген адамдар оңалту орталықтары мен өрт сөндіру қызметтерінде және аңдарды емдеу емханаларында ерікті ретінде жұмыс істеуде. Австралия халқы әр проблемаға мемлекетті айыптаудан аулақ. Әркім жауапкершілікті өзіне алып үйренген.

–    Жалпы Австралия елінде өмір сүру салты қандай? 

–    Австралия - өмір сүру үшін өте ғажап мемлекет. Тынық және Үнді, Оңтүстік мұхиттарымен шектесіп жатыр. Біз Австралияның Үнді мұхитымен шектескен батыс бөлігінде тұрамыз. Австралия қатты дамыған мемлекеттердің қатарына кіреді. Сонымен бірге қалалары өмір сүру үшін қолайлы. Кез-келген саябақ, алаң, жаяу жүргіншілер жолы, балалар ойын алаңы, көшелерде орналасқан ауыз су құбырлары, жағажайлардағы душтар - барлығы ойластырылып жасалған. Мәселен, мен кішкентай қызымды үнемі бесікарбамен алып жүремін. Жолдарда ешқандай қиындық тумайды.  

–    Жер шарының басқа бұрышындағы Австралияға қалай кетіп жүрсіз?

–    Австралияда өмір сүру үш ұйықтасам түсіме де кірмеген. Бұл ел туралы тек кітаптар мен «Жануарлар әлемі» бағдарламасынан білетінмін. Болашақ күйеуім Джастинмен танысқаннан кейін бұл мемлекет туралы біле бастадым. Біз біраз уақыт тек интернет арқылы араластық. Кейіннен Джастин Қазақстанға ұшып келді. Ал мен Австралияға турист ретінде барып жүрдім. Сөйтіп екі жылдан кейін Австралияға көшіп кеттім. Махаббатымның артынан келдім деп айтсам болады.

еркек және әйел

–    Келінге қалай қарайды? Біздегідей шай құю, орамал тағу жоқ шығар. Өздеріне тән басқа салты бар ма? 

–    Австралияда ешқандай салтты ұстанбайды. Әйел күйеуінің ата-анасына жағуға міндетті емес. Бұл жақта үлкен кісі немесе жас адам деп бөлмейді. Бес жасар баламен қалай сөйлессе, 65-тегі кісімен де солай сөйлеседі. Сол себептен де егер енесімен жақсы қарым-қатынаста болса, онда олар құрбы сияқты араласуы мүмкін. Бірақ біздегідей қызы мен анасы секілді қарым-қатынас құру деген нәрсе жоқ. Бұл жақта ата-ана жас жұбайлардың өміріне араласпайды. Ол мәдениетсіздік болып есептеледі. Маған ақыл беріп, ескерту жасамағаны үшін де енемді жақсы көремін. 

–    Ол жақта отбасында еркек пен әйелдің рөлі қандай? Бізде қазақтарда ер адамның сөзі заң деп есептеледі...

–    Әрине ерлі-зайыптылар бірге шешім қабылдауға тырысады. Бірақ көп жағдайда әйел адамның сөзі жүреді. Австралиялық әйелдер ешкімге бағынбайды және өз құқықтарын жақсы біледі. Ер адамдар да соған үйренген. Бірақ бала туғаннан кейін әйелдер бірден жұмысқа шығып кетеді деп айта алмаймын. Өйткені бұл жақта балабақша арзан тұрмайды және бала бағушы жалдау өте қымбат. Мысалы, үлкен қызым барып жүрген балабақшаның бір күні 110 австралиялық доллар (29 мың теңгедей - ред.) тұрады. Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істесе немесе оқыса онда мемлекет 50 пайыз жеңілдік жасайды. Ал егер әйел үйде отырса, онда ешқандай жеңілдік бермейді. Осы себептен де көптеген әйелдер бала 4-5 жасқа толғанша жұмысқа шыға алмайды. 

–    Алғаш келген жылдары басқа мемлекетке қалай үйрендіңіз? Басқа тіл, басқа менталитет. Қандай қиыншылықтар болды?

–    Австралияға тез үйренуге болады. Дегенмен де кейбір тұстарын жай ғана қабылдауың керек. Одан кейін төменгі деңгейде болса да ағылшын тілін білуің қажет. Австралиялықтардың ағылшыншасы өте жылдам. Алғашында бір сөзді бірнеше рет сұрап жатып әрең түсінетінмін. Австралиялықтардың өздеріне тән менталитеті бар. Бұл жақта адамдар бостандыққа үйренген және өз уақыттарын қатты бағалайды. Жастар ата-анасының үйінен ерте жастан бөлек кетуді ойлайды. Олар сабақ пен жұмысты қатар алып жүріп, өздері тапқан ақшаға көлік немесе басқа да дүниелер сатып алуға құмар. Көбінде ата-аналардың жағдайы болып тұрса да балаларының жоғары оқу орнында білім алуына ақша төлемейді. Содан кейін бұл жақта кешігуге болмайды, кездесуге немесе қонаққа уақытынан бес минут бұрын келу әдебі қалыптасқан. Австралия халқы аз ұйықтайды. Жұмыстары ерте басталып, ерте жарықта бітеді. Күйеуім жұмысқа таңғы сағат 06:00-де кетеді. Қонақтарды сағат күндіз 11-12-лерде шақырады. Ал кешкі ас сағат 17:00-18:00-де беріледі. 21:00-22:00-да австралиялықтардың көбі дерлігі ұйқыға жатады. Бұл режимге мен әлі үйрене алмай келемін. Қазақстанда біз барлығын кеш уақытқа жасап үйреніп қалғанбыз ғой. Сол үшін де бұл күн тәртібі мен үшін қиын. 

–    Австралиялықтар не жақсы көреді? Мысалы, қазақстандықтар мақтанғанды, той тойлағанды  жақсы көреді деп айтады ғой. Сол сияқты олардың өздеріне тән қандай мінездері бар?

–    Австралияда сөз бостандығы, өз ойын жеткізе білу, өз таңдауын жасау жақсы қалыптасқан. Олар - тәуелсіз. Австралиялықтар өздерін құрметтейтіні соншалық, басқа біреудің оның бостандығына қол сұғуына жол бермейді. Басқаларға да сондай көзқараспен қарайды. Олар -  патриот, оны тек сөзбен ғана емес, іспен дәлелдейді. Мысалы, дүкендерде Австралияның өзінен шыққан тауарларға сұраныс көп. Білім беру салаларында да солай. Түйіндемеде Гарвард немесе Оксфордта оқығаныңа қарамайды. Елдің қай университетін тәмамдадың, сол маңызды. Бізде қазақтар Дубай мен Түркияға демалуға барса, австралиялықтардың көбі дерлігі өз елдерінде демалғанды жөн санайды. Олар демалыс күндері отбасымен жиналады. Немесе достарымен бір жерде кездесіп, сыра ішіп әңгімелескенді ұнатады. Барлығына бір адамның тамақ жасап тұрғанын көрмейсің. Әркім өзіне шот төлейді. Керек затын өзі алады және тамақтанған соң артын жинап кетеді. Австралияда спорт жақсы дамыған. Сондықтан да олар спортты жақсы көреді. Қазақстанда білімге көп назар аударылса, бұл жақта екеуі қатар жүреді.

Сәуле Австралиядағы тыныс-тіршілігі, ондағы білім алу, отбасылы болу, бала туу мәселелері туралы @kazakhaussie атты инстаграм-парақшасында  көп жазады.

 

Сұхбатты алған Анар Дәукен 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

В Туркестанской области в семье 4-5 детей, а в Алматы 1-2. Почему такая разница?

Коронавирустың кесірінен 1000 адам Канар аралдарындағы қонақүйде карантинге жабылды

Канар аралдарына саяхаттап келген италияндық азаматтан коронавирус табылды

Қазақстанда бокстан олимпиада чемпионының әкесі қайтыс болды

Бекзат Саттархановтың әкесі жүрек ауруынан қайтыс болды

Антарктикада қызыл қар жауды

Антарктикадағы қызыл түсті қар елді әбігерге салды

"Олар сынақ нәтижелерін қорқынышпен күтуде": Жапониядан келген "Кешью" тобының директоры карантинге жабылды

"Кешью" тобының директоры Назым Басқынбаева карантинге жабылды

ДДСҰ-да коронавирусқа бейім жас туралы мәлімдеді

Коронавирусқа барлық жастағы адам бейім деген қорытынды жасалды

Тарихта бірінші рет тірі донордан қолдың буынын трансплантациялады

Вьетнам астанасы Ханойда тірі донордан қол буынын трансплантациялау бойынша әлемдегі алғашқы ота өтті

Сегіз рет жасалған сараптама нәтижесі теріс болған әйелдің коронавирус жұқтырғаны анықталды

Сегіз сынақтың нәтижесі теріс болып шығыпты

Коронавирус бір күнде әлемдегі ең бай адамдарды 139 миллиард доллардан айырды

Коронавирус әлемнің бай адамдарын да бей-жәй қалдырмады

Неліктен «коронавирустық круиздің» жолаушылары әдеттегі бортпен Жапониядан ұшып келді

Нұр-Сұлтанға тұрақты рейспен "коронавирустық круиздің" жолаушылары келді
Çàãðóçêà...