"Древний Рим" мейрамханасындағы кісі өлімі: прокурор күдіктіні 20 жылға соттауды сұрады

Қарағанды қаласының тергеу изоляторында жаңа жыл түнінде "Көне Рим" мейрамханасында қаза тапқан 23 жастағы азаматтың өліміне қатысты пікірталас өтті. Прокурор басты күдіктіні 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өз сөзінде мемлекеттік айыптаушы соттан 12 күдіктінің әрқайсысына ҚР ҚК 293 бабының ("Қару-жарақ қолданып бұзақылық жасау")  2 және 3 бөлігі  бойынша алты жылдан беріп, қауіпсіздігі орташа колонияға қамауды сұрады. Он үшінші күдікті Юсиф Нурулды ол 20 жылға бас бостандығынан айыруды өтінді. Прокуродың сөзінше, ол жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтеуі тиіс. 

"Күдікті Юсиф Нурулді кісі өліміне кінәлі деп тауып, 20 жыл көлемінде бостандықтан айырып, қауіпсіздігі жоғары деңгейдегі мекемеге жабуыңызды сұраймын", — деді прокурор. 

Сотталушы адамдардың арасында өз кінәсін мойындамағандар бар. Басты күдікті кісі өліміне қатысы бар екенін әлі де жоққа шығаруда. Он төртінші күдікті — Ресейде ұсталған Армения азаматы Нарек Гурурян. Оған қатысты іс бөлек өндіріске жіберілді. 

Қаза тапқан жігіттің жақындары да бірнеше дүниеге күдіктенеді. Марқұмның достары оны неге ауруханаға алып бармай, өлімге қиып тастап кеткенін туысқандары түсінер емес. 

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 1 қаңтарында түнде бір топ жастар жаңа жылдық мейрамды қаладағы мейрамханалардың бірінде атап өткен кезде қанды оқиға орын алды. Төбелес салдарынан мейрамхана маңында 23 жастағы жігіт көз жұмды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Перзентханада жаңа туған сәбиді ит жеп кетті

Аурухана басшысы баланың өлі туғанын айтты

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық жол жабық

Биылғы қыста жауын-шашын мол болды

Оглядывайтесь вокруг, запирайте двери: Певица Уатхан Заханқызы призвала девушек к осторожности

Көкшетауда студент  университеттің алтыншы қабатынан секіріп кетті

Курстастары оның аяғын ұстауға тырысты, бірақ нәтиже болмады

Мұғалім қыздардың етегінің астын жасырын камера арқылы бақылап келген

Ер адамның үйінен балалар порнографиясын қамтитын 100-ден астам суретті тапты

Можно ли мусульманам нырять в прорубь в Крещение? Ответ имама

Қытайдан бастау алған коронавирус адамға қалай беріледі

Бекшин: Жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен суық тию белгілері бар адам дереу дәрігерге қаралуы керек

"Актер болуды армандаған емеспін": "Менің атым Қожадағы" әйгілі Қожа қазір немен айналысады?

Нұрлан Санжар: Көшеде танып жатады, бірақ бұл менің титығыма тиеді

Шымкентте көпбалалы аналар тағы да шу шығарды

Көпбалалы ана: Еgov сайтында наурыз айына дейін ақша берілді деп көрсетілген, бірақ біз қолға алған жоқпыз

Қазақстан шетелге мұнай тасымалдау үшін неліктен Ресейден рұқсат сұрайды

Саясаттанушы: Мұнай мәселесін Ресейсіз шеше алмаймыз
Çàãðóçêà...