Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коммуналдық қарызы үшін Павлодар тұрғыны пәтерінен айырылды

Коммуналдық қарызы бірнеше жүз мың теңгеден асып жығылған керекулік азамат баспанасынан айрылып қалды.

kak-ne-platit-za-kommunalnye-uslugi-v-rossii

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

«Павлодарэнергосбыт» компаниясының ақпарынша, борышкердің пәтері электронды аукционда саудаға қойылған. Аймақта коммуналды қызмет үшін қарызданған азаматтар жеткілікті. Бұл мәселе қалай шешіліп жатыр?

Жеті жүз мың теңгеден асып жығылатын коммуналдық қарыз – павлодарлық тұрғынды баспанасыз қалдырды. Ол жарық пен жылудың ақысын 10 жыл бойы төлемеген. Екі бөлмелі пәтер наурыздың басында аукционға қойылды.

“Борышкерге қордаланған қарызды төлеу туралы ескерту хат жібердік. Кездесу өткіздік. Алайда, нәтиже шықпады. Сондықтан тыйым салынған мүлікті сату арқылы ақшаны өндіріп алу жөнінде Павлодар қалалық сотына шағым түсірдік. Бұл өтінішімізді сот қанағаттандырды”, – дейді «Қорғау» заңгерлік агенттігінің өкілі Александр Ефременко.

Екі бөлмелі пәтердің екі қожайыны бары анықталды. Баспана оларға мұрагерлік құқықпен келген,- дейді жеке сот орындаушы Ерлан Оңтаев. Борышкердің бірі сол пәтерде тұрады. Отбасылы, екі баласы бар. Екіншісі бұл үйден баяғыда көшіп кеткен. Атқару құжаттарының талабын заңнамаға сәйкес орындамағандықтан, бұл азаматтарға бірнеше мәрте ескерту жіберілген. Бірақ пәтер иелері қарызды жабуға асықпапты.

“Кемтар емес. Есі дұрыс. Дені сау. Аяқ-қолы бүтін азамат. Неге төлемегенін жұмыспен қамтылмағандықтан екенін айтты. Басқадай мүлкі немесе ақшасы, активтері жоқтығынан, сот шешімін орындамай, осындай қарызға душар болған. Қаланы энергиямен қамтитын кәсіпорынның ақпарына сай, Павлодарда жылу мен электр қуаты төлемінің мерзімінен өткізіп алған тұтынушылар жеткілікті. 1 наурыздағы жағдай бойынша, 313 жеке тұлғаның коммуналдық борышы – 230 млн 344 мың теңгеге жеткен. 51 заңды тұлға жылуға 360 млн 591 мың теңге қарыз. Ал, 14 заңды тұлғаның жарыққа қарызы 52 млн теңгеге жақындапты”, – дейді жеке сот орындаушы Ерлан Оңтаев.

Салғырттығының салдарынан пәтерінен айрылған тұрғынға сот орындаушылары тиісті құжаттарды жібергенін айтады. Алайда, олар баспананың аукционда сатылуына қарсылық білдіріп, сотқа қайта шағым түсіруге ниетті екенін жеткізген. Негізгі қарыз көлемі 700 мыңнан асса, сот шығындарын қосқанда, бұл сома 1 млн теңгеге жуықтаған.

Жіберіп алмаңыз:

Қызылордалық әйел 55 мың теңге үшін көше тазалап 4 баласын асырап отыр (фото)

Қарағанды тұрғыны әйелінің жүкті екенін босанғанда бір-ақ білген

Әкелері жоқ, анасы жұмысқа жарамайтын отбасының балалары пакет жинап күн көріп жүр (фото)

Талқылау