Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көліктің ішінде кім жеңетінін күтіп отырдық": Қарақат Әбілдина Медеу Арынбаев пен Қыдырәлі Болманның төбелескен кезін еске алды

Танымал әнші Қарақат Әбілдина өмірлік жары Қыдырәлі Болманмен отау құрғаннан кейін алғаш гастрольге шыққан кезін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Төрлетіңіз” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 Әншінің айтуынша, “АБК” тобымен бірге ән сапары Семей қаласынан басталған. 

“Үйлену тойымыз өткеннен кейін, гастрольдік сапармен Семей қаласына жол жүріп кеттік. Қазіргідей ұшақ пен жол талғамайтын көлік жоқ. Бір автобус толы өнер адамдары ел аралап концерт бере беретін. Сол кезде арнайы “АБК” тобына жеңіл көлік берді. Біз Семейге сонымен жететін болдық. Ерлан, Қыдекең, Медеу және мен төртеуіміз келе жатырмыз. Бір кезде әңгімені Медеу бастады. “Қыдырәлі, сен Қарақатты сыйла, сыйламайтын сияқтысың” деп айтты. Ол да, мен де екі ортада ақталып, әбігерге түстік. “Мені ренжіткен емес бұл кісі” деп жатырмын. Сол жерде Қыдекеңе біраз ақыл айтты. Бір кезде сөзден сөз шығып, төбелесуге себеп табыла кетті. Екеуі машинадан секіріп түсіп, жаға ұстасып, жұлыса кетті. Ерлан екеуімізді машинадан шығармай қойды. Төбелес көріп, ішінде отырмыз. Екеуі әбден төбелесті. Тұрған жеріміз – елсіз дала, ұзын жолдың бойы, тас қараңғы. Арасында екеуі демалып алады да, қайтадан төбелесті жалғастырады. Ертең Балқашта “АБК”-ның үлкен концерті өтпекші. Беттеріне жұдырық тигендіктен, Медеудің көзі көгеріп кеткен. Бір кезде төбелес аяқталып, түк болмағандай Балқашта концерт бердік. Екеуінің іші пысқаннан істеп жүрген тірлігі болатын”, – деп еске алады әнші. 

Еске салайық, Қарақат Әбілдина  Қыдырәлі Болманмен қалай танысқанын жазған болатынбыз. 

Талқылау