Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда жоғалған 13 жасар қызды іздеу: Полиция кісі өлтіру ісін қозғады

13 жасар Әйгерім Хайдарованың жоғалып кетуі туралы іс "кісі өлтіру" деп қайта сараланды. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.  Біз Әйгерім жоғалып кеткен күні оны көрген екі жүзден астам куәгерлер мен куәлардан жауап алдық. Іздеу жұмыстары жалғасуда, бізге еріктілер көмектесіп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

2007 жылы туған Әйгерім Хайдарованы сегізінші тәулік іздеп жатыр. Іздеуге полиция мен еріктілер қатысады, квадрокоптерлер қосылды.  Lider.kz еріктілер қозғалысы қыз туралы сенімді ақпарат үшін 100 мың теңге сыйақы жариялады. Ақпарат беруші туралы деректерді жария етпеуге кепілдік беріледі.

20 тамызда түстен кейін қыз Красный Ярға (қаладан 1-2 шақырым жерде) шаштаразға барды - шаштарының ұштарын бояу үшін. Салонда қызға қажет түс жоқ болғандықтан ол кетіп қалады. Содан бері баланың қайда екені белгісіз. 

27 шілдеде 30 жастағы Красный Яр тұрғынының өзін-өзі өлтіргені белгілі болды. Бұл жағдайға дейін одан Әйгерімнің жоғалғаны туралы іс бойынша қалалық полиция басқармасында жауап алынған. Марқұмның туыстары мен көршілері тәртіп сақшыларын өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі айыптады. Ішкі қауіпсіздік басқармасы тергеу бастады.

Талқылау