Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кіші Шыған ауылының тұрғыны Астанадан пәтер ұтып алды

Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Осы ұстанымды өмірлік қағида еткен жандардың бірі – Жұмагүл Айтбайқызы. Саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнап келе жатқан оның тағы бір арманы орындалды. Шағын ғана ауылдық жерде тұратын қарапайым ұстаздың келешекте еліміздің бас қаласына қоныс аударсам деген арманы, шындыққа ұласты. Оның бұл қиялына үлкен жол ашып, мүмкіндік сыйлаған – KMF компаниясы. Жұмагүл Айтбайқызы KMF-Qurmet ниеттестік бағдарламасы аясында өткен ұтыс ойынында жеңімпаз атанып, Астана төрінен бір бөлмелі пәтердің иесі атанды. Жаңа жыл қарсаңында қуанышқа кенелген компанияның тұрақты клиентіне пәтер кілті салтанатты түрде табысталды. 

Жұмагүл  Құдайбергенова – Жетісу облысы Панфилов ауданындағы Кіші Шыған ауылының тумасы. Бүгінде сол елді мекенде отбасымен бірге тұрады. Өз балаларымен қатар, ел баласын білім нәрімен сусындатып, тәрбиелеген ардагер ұстаз. Оның мұғалімдік мамандықта жүргеніне 23 жылдың жүзі болған. Соңғы 20 жыл бойы Жаркент қаласындағы №6 орта мектепте еңбек етіп келеді.

"Бастауыш сыныпқа сабақ беремін. Өзім ауылдық жерде тұрамын, бірақ қалалық мектепте жұмыс істеймін. Күнде барып келемін", – дейді Жұмагұл Құдайбергенова. 

Үш баланың анасы екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген, немерелері де бар.

Балалары мен немерелерінің болашағы үлкен қалаларда құрылып, армандары да сол алып шаһарда жүзеге асса екен деген тілегіне бір қадам жақындады. 13 жылдан бері KMF компаниясының тұрақты, әрі сенімді клиентіне айналған Жұмагүл Айтабайқызы "KMF-Qurmet" ниеттестік бағдарламасының кезекті ұтыс ойынында жүлделі сыйлықтың иесі атанды. Күтпеген жерден ұтысты болған компания клиенті шабытқа толы оқиғасымен бөлісті. 

“Балаларыма Алматы, Астана сияқты ірі қаладан үй алсаңдар деп жиі айтатынмын. Соңғы екі жылда ойымнан шықпай қойды. Міне, сол ойлаған ойым, арманым бүгін орындалып отыр. Компания өкілі қоңырау шалып, әлеуметтік желідегі парақшада тікелей эфирде ұтыс ойыны өтіп жатқанын айтып, пәтер ұтқанымды хабарлады. Мен оған шыны керек, сол сәтте сенбедім. Кейін қайта хабарласып, мән-жайды толық түсіндіріп берді. Содан кейін барып сендім. Әрине, қатты қуандым. Қуанышымда шек болмады. Бұл жаңалықты ең алдымен жақындарыммен бөлістім. Олар да қатты қуанып, құттықтауларын жеткізді", – деп қуанышын жасырмады ұтыс иесі. 

KMF-Qurmet ниеттестік бағдарламасы аясындағы кезекті ұтыс ойынына компнаияның жүз мыңнан аса клиенті қатысқан. Байқау әділ әрі шынайы өту үшін кездейсоқ сандар генераторы арқылы ұтыс жеңімпазы анықталды. Басты сыйлықтың иесі атанған Жұмагүл Айтбайқызы пәтер кілтін табыстау рәсіміне сонау Кіші Шыған ауылынан жұбайымен бірге Астанаға арнайы келді. Пәтер кілтін компанияның аймақтық директоры салтанатты түрде табыстап, құттықтауын жеткізді.

"Әлі сенер-сенбесімізді білмей, қуаныштан толқып тұрмыз. Енді елорда төрінде біздің де өз шаңырағымыз бар. Осындай керемет сый жасаған KMF компаниясына алғысымыз шексіз! Келешекте осы жаққа қоныс аударамыз, немерелерім осы жерге келіп, өздерінің мамандығы бойынша оқуға түсіп, осы жақта болашақтарын бастаса деген ниетім бар", – деп қосты ол.
KMF Басқарма төрағасының орынбасары Қарлығаш Райханованың айтуынша, KMF-Qurmet ниеттестік бағдарламасы ұзақ жылдан бері тұрақты клиенттері болып келе жатқандарға бағытталған. 

"Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша KMF-тің 260 мыңнан аса клиенті бар. Біз клиенттерімізді әрдайым және барлық жағынан қолдауға тырысамыз. Олардың ісіне қамқорлықпен және құрметпен қараймыз. Сонымен қатар бизнестегі ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескереміз. Сондықтан, өз артықшылықтары және бағалы сыйлықтарымен ерекшеленетін арнайы бағдарлама құрдық. "KMF-Qurmet" ниеттестік бағдарламасы бойынша жүлде қорын таңдаған кезде қолайлы, пайдалы болуына баса назар аудардық. Жаңа жыл қарсаңында Бас жүлдеге Астанадағы жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер тігілді. Компания тарихында алғаш рет осындай ауқымды жүлде қоры ойнатылды. Оны 13 жылдан бері KMF-ке сеніп, өз армандарын бізбен бірге жүзеге асырып келе жатқан клиентіміз ұтып алғанына біз өте қуаныштымыз",- деді Қарлығаш Райханова. 

Қараша айында ұйымдастырылған ұтыс ойынында KMF әзірлеген ауқымды сыйлық мұнымен шектелмеді. Бір автокөлік, саяхаттауға жолдама сертификаттары мен 100-ден астам гаджет тігілген ұтыс бағдарламасы компания клиенттеріне қуаныш сыйлады. 

Айта кетейік, KMF– нарықта 26 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компания бизнеспен айналыс отырған кәсіпкерлерге көп қолдау көрсетеді. Әсіресе, ауылдық жерлерде микро және шағын бизнесті қолдауға, дамытуға айрықша назар аударады. Клиенттердің 67% -ы ауылдық елді-мекендерде тұрады. Компанияның портфелінде микро және шағын бизнестің үлесі 90% -дан асады.

Олардың шамамен 40%-ы агросектор. Қазіргі уақытта компанияға 260 мыңнан астам клиент сенім білдіреді. Оның 55%-ы әйелдер. Әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсету, KMF-тің әу бастағы басым бағыттарының бірі. Қазақстан бойынша 17 филиал, 120 бөлімше тұрақты жұмысын жүргізіп келеді.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы

 

Талқылау