Кличко жанкүйеріне: Менің Қазақстанда дүниеге келгенімді білесің бе? (видео)
Бокстан бұрынғы әлем чемпионы, украиналық Владимир Кличко лондондық жанкүйерінің сұрағына жауап берді. Ол боксшыдан отаны туралы сұраған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Боксшының Гордон Стюарт есімді лондондық жанкүйері одан отаны туралы сұраған. Talksport журналисі Майкл Бэнсон Twitter-дегі парақшасында Кличконың видеожауабын жариялады.
«Гордон, сен менің Қазақстанда дүниеге келгенімді білесің бе? Бұл керемет мемлекет және ол маған ұнайды», - дейді Владимир Кличко.
😅 Wladimir Klitschko finally answers the question everyone has been asking about him for years…
— Michael Benson (@MichaelBensonn) 2 сентября 2019 г.
[🎥 @Klitschko] pic.twitter.com/jKUMRJfabK
Айта кетсек, Владимир Кличко 1976 жылы Қазақстанның Семей қаласында дүниеге келген. Артынша ол Украинаға көшіп кеткен.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"