"Қызылшаның орнына ковидке қарсы вакцина егіп жатыр": Министрлік түсіндірді
Әлеуметтік желіде қазақстандық балаларға күмәнді қытайлық препаратпен қызылшаға қарсы екпе егіліп жатқаны туралы хабарлама пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Желідегі ақпараттта жазба авторы бұл препараттардың коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін қалған вакцина болуы мүмкін екенін айтады. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Фото әлеуметтік желіден алынған
"Қызылшаға қарсы екпе үшін елімізде Serum Institute of India шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы біріктірілген вакцина қолданылады. Бұл вакцина өндірісі ДДСҰ алдын ала біліктіліктен өткен, бұл шығарылатын вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді", – делінген министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі елдегі қызылшаға қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ата-аналардан балаларының қызылшаға қарсы екпе алуына назар аударуды сұрады. Азаматтар тіркелген жеріндегі медициналық ұйымға хабарласып, екпе ала алады.