Қызылордада жер үй өртеніп, екі адам мерт болды
Қызылордада жер үй өртеніп, оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызылордада 21 қарашада сағат 17.43-те жеке тұрғын үй өртенді. Онда тұрғын үйдің едені отқа оранған.
"Оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды. Оның біреуі 1966 жылғы үй қожайыны болса, екінші адам оған қонаққа келген 1990 жылғы адам. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің мамандарының шақырылған жоқ. Алдына ала жасалған болжам бойынша негізгі себеп - отты абайсызда қолдану (темекі шегу)", – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.
Ведомство мәліметінше, оқиға орнына департаменттен 3 қызметкер техникамен барды.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады
Қазақстанда кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады