Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қызға қандай көмек көрсетілуде – Министрлік жауап берді

Оқу-ағарту министрлігі Қызылордада сыныптастары есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 16 жастағы оқушыға қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay

Қазір полиция кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту фактісі бойынша қылмыстық іс жүргізуде.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде Оқу-ағарту министрлігі отбасына қалай көмек көрсетіліп жатқанын айтты.

"Бүгін бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл зардап шеккен қыз бен оның отбасына барды. Қазіргі уақытта облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары оған қажетті психологиялық көмек көрсетуде. Сондай-ақ қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде", - делінген хабарламада.



Комитет басшылығы істің барысын жеке бақылауға алатынын жеткізді. 

Еске салсақ, Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікке ілінген еді. Олар қызға есірткі беріп, интимдік сайтқа тіркеп, кейін ақша алып отырған.

Талқылау