Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысының бұрынғы әкімімен бірге тағы кімдер сотталады

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовтың ісіне қатысты тың деректер белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстың экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктелуде. Сол бап бойынша оған тағы төрт адамның қатысты бар екені белгілі болды. Іс бойынша айыпталушылар Қызылорда облысы әкімінің бұрынғы орынбасарлары Мұрат Имандосов, Марат Делмұханов. Сонымен қатар, айыптау қорытындысының көшірмесі кәсіпкерлер Жеңісбек Ысқақов пен Азат Досмаиловқа тапсырылды.

"Екі бұрынғы әкім орынбасарлары мен бизнесмендер қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысы бар деген күдікке ілінеді. Басты сот процесі 24 тамызға белгіленген.2020 жылы наурызда Қуанышбек Ысқақовтың үй қамауына алынғаны туралы хабарланды", - делінген хабарламада.

Қуанышбек Ысқақов 2019 жылдың маусым айында Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол үш жарым жыл облыс әкімінің орынбасары болып жұмыс істеп, экономика, қаржы, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік етті.

28 наурызда облыстың жаңа әкімі болып Гүлшара Әбдіхалықова тағайындалды. 

Талқылау