Қызылорда облысында мектеп директоры бесінші сынып оқушысын ұрды деп айыпталды
Желіде Жаңадария ауылындағы мектеп директорының 5-сынып оқушысын ұрып-соғып, кейін өз кінәсін жуып-шаю үшін оқушының үйіне келіп ақша ұсынған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұдан соң бала басқа мектепке ауыстыруды сұрап өтініш хат жазған.
Хабарламаға Қызылорда облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.
"Тіркелген қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді", - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары тергеу құпиясына сілтеме жасай отырып, басқа ақпарат бермеді.
Қазақ тілін қорлаған бұрынғы Ресей азаматы 15 күнге қамалды
Отырыс барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұраған
Оралдағы инфекциялық ауруханада 13 жасар қыз көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Қызы қайтыс болғаннан кейін әкесі барлық тиісті органға арыз жазғанын айтады