Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында ата-анасы ұлдарын тас жолда қалдырып кеткен

Қызылорда облысында ата-аналар өз баласын суық күні тас жолда ұмытып кетіпті. Баланы көріп қалған полицейлер оны аман-есен үйіне қайтарыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көлік түнде қыс

Оқиға 1 ақпан күні түнгі 23:30 шамасында орын алған. Жолды қарауылдап жүрген сақшылар Қодаманов ауылының маңындағы тас жолда кетіп бара жатқан жеткіншекті кездестіріп қалған.

Полицейлер баланы Шиелі аудандық полиция бөліміне жеткізіп, одан қалай далада қалып қалғандығы жайлы сұрастырыпты. 

9 жасар баланың сөзінше, олар отбасымен бірге көлікпен келе жатқан. Біраздан кейін жанұя көліктерін тоқтатып, жеткіншектің ата-анасы көліктен түскен. Осы кезде көліктің артында ұйықтап келе жатқан бала да өздерінің жол шетінде тоқтап тұрғанын байқап, дәрет сындыруға сыртқа шығыпты.  

Тәртіп сақшылары баланың әкесі болған жайттың мән-жайын түсіндірмекші болып жатқандығын бейнежазбаға түсіріпті. 

"Біз оны көрмей, көлікке отырып жүріп кеттік. Түн болғандықтан арттан ешнәрсе байқалмады, оның айқайлаған даусын естімей қалдық", - деді ер азамат. 

Баланы тапқан полиция қызметкерлері болжалды "LADA Vesta" маркалы көлігі жайлы барлық бекеттерге хабар берген. Туған ұлын ұмытып кеткен ата-аналарының көлігі аймақтағы көлік тұрағынан табылған. 

Ең қызығы, ерлі-зайыпты балаларын ұмытып кеткендігі жайлы оны полиция бөлімінде кездестіргеннен кейін бірақ біліпті. 

 


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды

Той - қуаныш сыйлайтын мереке: Мәдениеттанушы той жасау үшін несие алатындардың сөзін сөйледі

Сөзінше, қалың жұртшылыққа асыр салып, той тойлайтындарды жазғырмау керек
Çàãðóçêà...