Қызылорда әкімдігі ұшақта адам өмірін құтқарған студенттің оқуын төлеп бермек
Қызылорда әкімдігі ұшақта жолаушыны құтқарып қалған студентті марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Облыс әкімі болашақ дәрігер Дінмұхаммед Бектұрғанның ата-анасын жеке қабылдап, "Алғыс хат" табыстап, зор ризашылығын білдірді.
“Нұрболат және Ғалия Нұрсейітова – баласына жақсы тәрбие беріп, ұлының медициналық университетте ақылы түрде білім алуына еңбек етіп жүрген жандар. Қазір Дінмұхаммед 7-курс студенті. Ол тағы 3 жыл резидентура оқуға ниетті”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалғаны үшін Дінмұхаммедтің оқу ақысын Қызылорда әкімдігі төлеп бермек.
Еске салсақ, бұған дейін астаналық студент ұшақта адам өмірін құтқарып қалғаны айтылды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді