"Қыз іздеймін": Полиция "Тредстегі" жазбаларға қатысты ескерту жасады

Фото: Ru.freepik.com
Әлеуметтік желіде, әсіресе Threads платформасында “қыз іздеймін”, “жігіт іздеймін”, “тұрақты қарым-қатынас құрамын” деген секілді таныстыққа арналған жарияланымдар жиі кездеседі. Полиция мұндай жазбаларды алаяқтар өз мақсатына пайдалауы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алаяқтар өздерін тартымды қыз-жігіттер ретінде таныстырып, белсенді түрде хат алмасады, құрбанына ерекше көңіл боліп, сеніміне кіреді. Уақыт өте келе олар адамдардан қаржылай көмек сұрай бастайды.
Алаяқтық кезең-кезеңімен жүзеге асады:
- Белсенді сөйлесу және эмоциялық байланыс орнату;
- Қиын өмірлік жағдай, ауру, шұғыл шығындар немесе тиімді инвестициялар туралы әңгімелер;
- Шетелдік криптоәмиянға немесе үшінші тұлғаларға ақшау аударуды сұрау;
- Ақшаны алған соң қарым-қатынасты тоқтатады немесе бұғаттайды.
Егер сөйлесіп жүрген адам ақша аударуды сұрап, алайда видеоқоңыраумен сөйлесуден және жеке кездесуден қашса, парақшадағы суреттер басқа адамдарға тиесілі болуы мүмкін болса, сақ болу қажет деп ескертті полиция.
Тәртіп сақшылары азаматтарға кеңес берді:
- Интернет арқылы танысқан адамдарға ақша немесе жеке деректерді бермеу;
- Фотосуреттер жібермеу;
- Күдікті сілтемелерге өтпеу;
- Сөйлескен адамның парақшасын және ақпаратын тексеру;
- Күмән туындаған жағдайда қарым-қатынасты тоқтату.
Ішкі істер министрлігінің киберқылмыспен күрес департаменті азаматтарды онлайн таныстықта сақ болуға шақырады және заңға қарсы әрекеттер болғанда хабар беруді сұрайды.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді