Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тірі ер адамды қапшыққа салып, мәйітханаға апарып тастаған

Шанхайда COVID-19 жұқтырған ер адамды қателесіп өлді деп санап, мәйітханаға апарып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мәйіт

Куәгерлер түсірген видеода ер адам катафалктағы мәйітке арналған қаптан басын шығарған. Осы сәтте ер адамның жанында қорғаныш костьюмін киген екі жұмысшы болған. 

"Қарттар үйінде қателесіп, тірі қарияны катафалкке салып, мәйітханаға алып барған. Жұмысшылар оның қозғалып жатқанын көрген. Бұл – нағыз жауапсыздық", – дейді видео авторы. 



Бейнежазба қытайлық әлеуметтік желіде лезде тарап кеткен. Көп қолданушылар мұндай қателіктің Шанхай секілді дамыған қалада орын алуы мүмкін екеніне сенбеген. 

"Шанхайдың мәселелері көріне бастады", – деп жазды желі қолданушыларының бірі. 

Қазір ер адамның жағдайы тұрақты. Оқиғадан кейін аудандық үш шенеунік пен қарттар үйінің басшысы қызметінен қуылған. Сондай-ақ өлгені туралы шешім қабылдаған дәрігер сертификатынан айырылған. Тергеу жүріп жатыр. 

Талқылау