Қытай Ауғанстанды бейбіт жолмен қалпына келтіруге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
Бейжің Ауғанстандағы өмір сүру жағдайын жақсарту және оның тәуелсіз дамуына мүмкіндіктер жасау үшін халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “РИА Новостиге” сілтеме жасап.

"Қытай халықаралық қоғамдастықпен Ауғанстанды бейбіт жолмен қалпына келтіруге, халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын жақсартуға, сондай-ақ тәуелсіз даму мүмкіндіктерін жақсартуға қолдау көрсетуге дайын", – деді Қытай Сауда министрлігінің өкілі Гао Фэн бейсенбіде өткен брифингте.
Ол, сондай-ақ 2020 жылдың соңына қарай Қытай мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 550 миллион долларға жеткенін, 2021 жылдың бірінші жартысында екі ел арасындағы тауар айналымы 44 пайызға артып, 310 миллион юанды құрағанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 16 тамыздан бастап Ауғанстан аумағының көп бөлігін тәліптер басқарады. Олар елдің астанасы Кабулды басып алды.
Қазақ тілін қорлаған бұрынғы Ресей азаматы 15 күнге қамалды
Отырыс барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұраған
Оралдағы инфекциялық ауруханада 13 жасар қыз көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Қызы қайтыс болғаннан кейін әкесі барлық тиісті органға арыз жазғанын айтады