Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлым, сен болашақта мықты адам боласың": Кішкентай балақай Димашты тәнті етті (видео)

Кішкентай бала концертте Димаш Құдайбергенді тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кішкентай бала концертте Димаш Құдайбергенді тәнті етті (видео)

Белгілі әнші желідегі парақшасына өзінің кішкентай тыңдарманының бейнежазбасын жүктеген. Сахнада тұрған Димаш Құдайбергенге қолдау көрсетіп, қосыла ән шырқады бала. Сонымен қатар, "Менің Димашым" деп жанын сала айқайлап, өнер иесінің мерейін үстем еткен. 

"Рамир ұлым, сен болашақта мықты адам болып, елімізге үлкен пайдаңды тигізесің. Мен бұған сенімдімін. Кішкентай қуанышымыз", - дейді Димаш Құдайберген.

Бұл кішкентай тыңдарман дыбыс режиссері Ерлан Бекчуриннің ұлы болып шықты. Кішкентай бала мен Димаштың қарым-қатынасы жұрттың жүрегін елжіретіп, әншінің тыңдармандары жарыса пікір жазған.  

"Недеген керемет, жүректі елжіретеді", "Тек сенің Димашың емес, барлығымыздың Димашымыз", "Недеген сүйкімді бала. Димаш, сені кішкентай балалармен көрген кезде қатты қуанамын", "Сенің нағыз тыңдарманың екен", - деп пікір білдірді жұрт. 

Талқылау