БҚО-да көшеде дәрет сындырған полицей қызметінен қуылуы мүмкін (видео)
Көшеде дәрет сындырған тағы бір тәртіп сақшысы жұрттың көзіне түсті. Бұл жолы ерсі қылығымен танылған – Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласындағы полиция қызметкері. Ол тура көпқабатты тұрғын үй мен балабақша ортасында кіші дәрет сындыруды жөн көріпті,-деп жазды КТК арнасы.

Оқиға куәгерлерінің бірі түсірген жазбада тәртіп сақшысының қисалаңдап тұрғаны да байқалады. Құлап қалмау үшін ол бір қолымен ағашты ұстап тұр. Ішкі істер департаментінде қызметкердің кім екенін дереу анықтады.
Сөйтсе, Бөрілі аудандық ішкі істер бөлімінде жұмыс істейді екен. Өзге ақпарат әзірге айтылмай жатыр. Тек тәртіпсіз тәртіп сақшысының ісі бойынша қызметтік тексеріс басталғанын жеткізді. Айта кетейік, осындай жағдай былтыр Алматыда да болған. Ол кезде полицей көліктен шықпай-ақ сыртқа қарай дәрет сындырғаны үшін жұмыстан қуылған еді.
Оқи отырыңыз:
Алматыда ер адам тура жол ортасында тұрып дәрет сындырды (видео)
Тегіңізді қандай жағдайда ауыстыруға рұқсат етілетінін білесі бе
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"