Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанға "QazVac" вакцинасының 25 000 дозасы жеткізілді

Қырғызстанға COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастық шеңберінде Қазақстаннан "QazVac" инактивтендірілген вакцинасының 25 000 доза көлемінде ізгілік көмек жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

гуманитарлық көмек

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев елде коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына қарсы іс-қимылда маңызды қолдау көрсеткені үшін Қазақстан тарапына шынайы ризашылығын білдірді.

"Біз Astra Zeneca, Sputnik V және басқа да шетелдік вакциналармен қырғызстандықтар QazVac-пен де екпе алатынына қуаныштымыз", – деп атап өтті ол осы орайда.

Оның айтуынша, қазақстандық вакцина халықты вакциналау пункттеріне жедел таратылады және азаматтардың коронавирусты жұқтыру қаупін азайту бойынша республиканың медициналық жүйесінің мүмкіндіктерін нығайтады. 

"Қырғызстан біздің достарымыз бен халықаралық серіктестеріміздің арасында бірінші болып коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина алады, бұл елдеріміз арасындағы достық пен тату көршілестік қатынастарын тағы да растайды", – деп атап өтті Қазақстан Елшісі Рәпіл Жошыбаев

Ол, сондай-ақ Қазақстанның ізгілік көмегі көптеген адам өмірін құтқаруға және Қырғызстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға көмектесетініне сенім білдірді.

Еске салсақ, бұған дейін 28 шілдеде Қырғызстанға Қазақстанның QazVac вакцинасы жеткізілетіні айтылған еді. 

Талқылау