Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстандағы қазақтар қауымдастығының бұрынғы басшысы мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталды

Бішкектің Первомай аудандық соты Қырғызстандағы Қазақстан Қауымдастығының экс-басшысы Марат Тоқтаучиковты мемлекетке опасыздық жасады деп айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg. порталына сілтеме жасап. 

Тоқтоучиков жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтей отырып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. 

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың сәуір айында Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті екі азаматты мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ұсталды деп ақпарат таратқан болатын. Кейін ұсталғандардың бірі — саясаттанушы Марат Қазақпаев, екіншісі – Қырғызстандағы қазақ диаспорасының экс-басшысы Марат Тоқтаучиков екені белгілі болды. Ұсталғандардың қылмысты қай кезде және қай елде жасағаны туралы ақпарат хабарланған жоқ.

Марат Қазақпаев 10 маусымда ҰҚКҰ тергеу изоляторында инсульттан көз жұмды. 

Бішкектің Первомай аудандық соты саясаттанушы Марат Қазақбаевқа қатысты ҚР-ның "мемлекетке опасыздық" бабы бойынша қозғалған қылмыстық істі оның көз жұмуына байланысты тоқтатты.

Айта кетсек, Марат Алмасұлы Тоқтаучиков 1988 жылы 14 қаңтарда дүниеге келген. Бішкекте 2005 жылы Шыңғыс Айтматов атындағы №63 мектепті, сондай-ақ 2010 жылы "журналистика" мамандығы бойынша Қырғыз-Ресей Славян Университетін бітірді, деп жазады kaktus.media. порталы.

Марат Тоқтаучиков 2018 жылға дейін Қырғызстан қазақтарының қауымдастығын басқарды. Алайда оның бұл лауазымға қашан келгені белгісіз. 2017 жылдың қазан айында Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас дағдарысы кезінде Тоқтоучиков тыныштыққа шақырған. 

Қауымдастықтың өзі диаспора басшылығының Марат Тоқтаучиковпен байланысты оқиғаға қатысы жоқ екенін, оның Басқарма мүшесі емес екенін мәлімдеді.

2010 жылы Марат Тоқтаучиков Қырғызстанның жасылдар партиясынан Жогорку Кенеш депутаттығына үміткер болғаны белгілі. Сайлауда партия Парламентке өтпеді.

"Пикир" өңірлік сарапшылар клубы аясында Марат Тоқтоучиков "Жаша Ухань" бастамашыл тобының мүшесі болған. Оның мақсаты –  COVID-19 коронавирусын жұқтырған адамдарға немқұрайлы қарамау және қолдау көрсету болды.

Талқылау