AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда тағы бір қызды алып қашып кетті (видео)

Қырғызстанда тағы бір бойжеткенді алып қашып кетті. 26 жастағы Изат Құрбанованың туыстары оның ұрланғаны туралы полицияға шағымданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап. 

алып қашты

Бойжеткенді әлдебіреулер Бішкектің маңында сағат 23:00-ге таман алып қашып кеткен. Оны ұрлаған сәт видеоға түсіп қалған. Әпкесін белгісіз біреулер Toyota Estima көлігіне салып, алып қашқаны туралы хабарды бойжеткеннің сіңілісі полицияға жеткізген. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктілердің тұлғасы анықталған.

Жоғалған қыздың туыстары "күйеу жігіттің" жақындары хабар айтып келгенін жеткізді. 

"Қазір біз оның қайда екенін білмейміз. Бірақ жігітің туыстары келіп, алып қашқан қыздың тұрмысқа шығуға рұқсатын бергенін айтты. Бірақ Изаттың ата-анасы үзілді-кесілді қарсы болып, қыздарымен жүздескілері келетінін айтты", - деді бойжеткеннің туыстары. 

Айта кетейік, бұған дейін 5 сәуірде Қырғызстанда 27 жастағы Айзада Қанатбекованы алып қашып кеткені белгілі болған еді. Бойжеткеннің екі күннен кейін көлікте мәйіті табылған. Кейіннен оның зорланғаны анықталған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр