Қырғызстанда су тапшылығына байланысты моншалар, көлік жуу орындары мен бассейндер жабылып жатыр
Бішкек мэрі Жырғалбек Шамыралиев қаланы аралаған соң суды көп тұтынатын жекеменшік моншалап, көлік жуу орындары мен бассейндерді уақытша жабу туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus.media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстан астанасының халқы су тапшылығына байланысты бірнеше мәселемен бетпе-бет келген. Су, әсіресе, жазда тапшы дейді. Жан басына шаққанда пайдаланылатын су көлемі 170 литрден 410 литрге дейін өскен.
Жергілікті билік мәліметінше су тұтыну көлемінің өсуіне ауыз суды негізсіз пайдаланып, бау-бақша пен жасыл желекті суару себеп болған. Сонымен қатар "Орто-Алыш" су жинағышында жерасты сулары 15-20 метрге төмендеген.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген