Христиан ұстаз 50 жыл бойы Құран мен Інжілді қатар оқып келген
Мысыр елінің Минья деп аталатын елдімекенінде тұратын Аяд ұстаздың алдынан бүгінге дейін бірнеше түлектер толқыны өткен. 50 жыл ұстаздық қызметінде ол шәкірттеріне қасиетті Құран Кәрім мен Інжілді қатар оқытып келген.

Қазіргі кезде Аяд ұстаздан дәріс алатын шәкірттер саны 120-ға жуықтайды. Олардың 70-80-і мұсылман отбасыларынан болса, христиан дініндегі оқушылар 30-40-тың маңайында көрінеді, деп жазады Muslim.kz.
«Біздің мектептегі достығымыз бен өзара құрметіміз ерекше, – дейді ол. – Мен бар бұл жерден бар болғаны 1 доллар ғана аламын. Бірақ маған жаным сүйіп атқарған қызметім үшін алған 1 доллар құны ықылассыз жұмыстан тапқан 100 доллардан артық. Менің оқыту әдісімді мектеп басшылығы да, ата-аналар да қолдайды. Мен, тіпті, кейбір шәкірттерімнің балаларын да оқытып жатырмын».
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады