Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кеудемнен жұлқылап, киімімді жыртты": Алматылық әйел бұрынғы полицей күйеуінің қысымынан қорғана алмай жүргенін жеткізді

Алматы қаласының тұрғыны Айнұр Күлтуманова бұрынғы күйеуінің әлі күнге дейін өзіне қысым көрсетіп жүргенін айтып, шағымдануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс-К порталына сілтеме жасап.

Айнұр күйеуімен ажырасқанына бірнеше жыл болғанын айтады. Алайда сол күннен бері қорқып өмір сүріп келеді екен. Басында күйеуі ажырасуға қарсылық танытса, енді әйелімен қайта қосылғысы келеді екен. 

“Нұрлан - өте қызуқанды адам. Мені әркез жұмыстан өзі күтіп алатын. Біз 13 жыл отауластық. Арамызда үш перзентіміз бар. Ол ішіп, түрлі нәрселер шегетін. Тіпті үлкен қызымызды ренжіткен кездері де болды. Сол себепті мен бірнеше рет ажырасуға арыз бердім. Ажырасқаннан кейін де оның үстінен арыз жаздым. Бірақ ештеңе өзгермеді. Учаскелік полиция қызметкерлері бір рет қана қорғау нұсқамасын шығарды. Тіпті бұрынғы күйеуім полицияның көзінше маған қышқыл шашып өлтіремін деп те бопсалады", - деді Айнұр.

Айнұр құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне наразы. Ол тіпті гематомалар мен алған соққыларына байланысты сараптамадан да өткен. Алайда учаскелік полиция бұл деректерді қабылдамаған көрінеді. Ол күйеуінің бопсалауына қалай құтыларын білмейтінін айтады.



“Бірде таксиде отырғанымда ол келіп кеудемнен ұстап жұлқылап, сыртқа шығарды. Киімімді жыртты. Мен өтіп бара жатқандардан көмек сұрадым. Алайда әрқашан сөйлесіп тұрамыз деп айтатын күйеуімнің әңгімесінен кейін бәрі бейжай қарайды.

Нұрлан - бұрынғы полиция қызметкері. Өте қу, өзінің күшіне сеніп қалған. Мен тіпті оны көргім де келмейді. Балаларды тастамаймын дейді, алайда үшеуіне төлеп отырған алименті 20 мың теңге. Ол жұмысында парамен ұсталып, қызметінен кетті. Қазір жұмыссыз такси жүргізушісі болып жүр. Бізді кім қорғайды?” - деп қосты Айнұр.

Полицейлер әйелдің бұрынғы күйеуінің үстінен бірнеше рет шағым түсіргенін растады.

"Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Алатау ауданының полиция бөліміне бұрынғы күйеуіне қатысты 1987 жылы туылған азамат К. арызданған, азамат О. белгіленіп, оған қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. 7 тамызда азамат К.-ның қорғау тәртібін бұзғаны туралы оның әрекеті осы жолы ҚР ҚІЖК-нің 461-бабымен сараланып, іс материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр