Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кетіңізші ары!": Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты көпбалалы аналарға дөрекі жауап берген

"Кетіңізші ары!" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Ғабит Сәтмағамбетов әкімдік ғимаратына келген көпбалалы аналарға дөрекі сөзбен жауап берген. Депутат өзін мұндай сөзді айтуға әдейі арандатқанын айтса, ал аналардың өз уәждері бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

депутат коллаж

Депутат пен аналардың текетіресі түсірілген видеоны Сәтмағамбетовтің өзі Facebook-тегі парақшасында жариялаған. Шенеуніктің айтуынша, ол мәслихат отырысына асығып бара жатқан. Осы сәтте қарсы алдынан шыққан әйелдер тарпа бас салды, дейді өзі.

"Өз-өзін сыйлайтын адам табалдырықтан аттамай жатып өз тарапына айтылған айыптаулар мен қорлауға қалай жауап беруі мүмкін? Ашуға берілген әйелдер тобы әкімдіке келіп шу шығарды. Мен бір жерден қашып кеткен депутат екенмін. Айтпақшы, мен мәслихат отырысына асығып, жандарынан өтіп бара жатқанмын. Жеке басқа өтуге ешкім құқық берген жоқ", - деп түсіндіреді депутат.

Видео кадрларынан әйелдердің депуттаты көре сала, өздерімен тілдесуге шақырғанын көруге болады. Алайда депутатқа аналардың айқайы ұнамаса керек, ол әйелдерге қарап: "Неге айқайға басып тұрсыздар?! Кетіңізші ары" - деп жауап береді.

Бұл сөздерден кейін аналардың наразылығы одан бетер артып кетеді. Депуттаттан мұндай жауап күтпеген олар, "Неге бұлай жауап бересіз?", "Билік өкілінің түрін қараңыз" - деген сөздер айтқан.

Талқылау