Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КешYOU мерейтойлық концерттерінде су астында өнер көрсетті (видео)

Мамырдың 24-і күні танымал КешYOU тобының он жылдық мерейтойларына арналған концерті өтті. Аталған концертте жаңа жас құрамның қыздары су астында өнер көрсетті.

image

Фото: instagram.com/keshyou_official/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше продюсер Баян Есентаева 10 жылдан бері жетекшілік етіп келе жатқан КешYOU тобының ән кеші өтті. Аталған кешке Жанар Дұғалова мен Мөлдір Әуелбековадан басқа топтың экс солистерінің барлығы келген. Бұл бойжеткендердің не себепті шақыртылмағаны әзірге белгісіз.

Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Әнел Әрінова, Зумрад Гареева, Жұлдыз Өмірғали, Ақбота Сейтмағамбет және Балжан Бидаш келген қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлаған. Мұнымен қатар, концерт барысында су астында өнер көрсетіп жұртты таң қалдырған. Бұл видеоны алдын ала түсірген екен.

Керемет шоу!!! @keshyou_official 10 жыл!!!

Видео опубликовано Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Желі қолданушылары жаңа құрам орындаған “Әдемі қыз” әнінің тек Мөлдір Әуелбекованың жақсы орындайтынын тілге тиек еткен. Тіпті су астында өнер көрсетсе де, теңесе алмайтынын жеткізген. Ал енді бір қолданушылар әнді тамаша орындағанын, жиналған жұртты таң қалдыра алғанын жазған.


Оқи отырыңыз:

КешYOU солисінің “жыртық шалбары” көпшіліктің талқысына түсті

«КешYOU» солисінің биге икемсіз екенін айтты

“КешYOU” тобының жаңа бейнебаяны дайын болды

Кекіл немесе кекілсіз: Қай жұлдызға қандай шаш үлгісі жарасады?

Талқылау