Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

KeshYou қыздары: Сұлу болу үшін кітапты көп оқу қажет

Бүгін “KeshYou” тобы Алматы студиясының төрінде қонақта болды. Топ мүшелері Сара Амангелді, Назым Әбілдина, Балжан Бидаш және Элизат Берікова жұлдызды жаңалықтарын бөлісті. Көрермендерге арнап студияда ән тарту етті.

16464097_1395628220476868_6209569892996218880_n

Фото: instagram.com/keshyou_official/

Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.

– Топ құрамында бірге жұмыс істеу қиынға соғып жатқан жоқ па?

– Құрамымыз жаңартылғандықтан, көптеген пікір айтылып жатыр. Әсіресе, әлеуметтік желілерде түрлі тілек пен пікірді оқимыз. Ескі топпен салыстыратын кездер де болады. Ал, негізі топта төрта адам болған бізге оңай болып жатыр. Себебі, бір-бірімізді бұрыннан танимыз. Бір оқу орнын бітірдік. Қазіргі таңда жаңа әндер жазып жатырмыз. Оның ішінде жаңа стильдегі бейнебаяндар шығады. Керемет туынды шығатынына сенімдіміз.

– “KeshYou”  тобы үшін әрбір таң неден басталады? Сұлулықтарыңның құпиясы неде?

– Біз үшін таң дайындықтан басталады. Өйткені қазір күнделікті сағат 10 шамасында бірден жұмысқа кірісіп жүрміз. Қыз баласы болғандықтан, міндетті түрде өзімізге қараймыз. Әсіресе, ұйқымызды қандырамыз. Кешкі сағат ондарда ұйықтасақ, таңертең ертерек сағат алты-жеті шамасында оянамыз. Түрлі жаттығу жасап, ең бірінші, су ішеміз. Мұнымен қатар, сұлу болу үшін көп кітап оқу қажет.

– Халық сендерді қалай қабылдады?

– Көп адам бізді квартет болады деп күтпеді. Әлі күнге дейін әртүрлі пікір жазылып жатыр. Арасында жақсысы да, жаманы да бар. Көп жағдайда мән бермеуге тырысамыз. Әзірге халықпен бетпе-бет кездескен жоқпыз. Аллаға шүкір, тыңдармандарға ұнап жатқан сияқтымыз.

– Топтың арулары өздерін қалай ұстайды? Сіздерге көшеде жүру қиын шығар?

– Біз көшеге көп шыға бермейміз. Интернет желісіне көп кірмейміз, қазір инстаграмда жеке парақшаларымыз да жоқ, басымыз бос. Толықтай жұмысқа берілгенбіз, жеке өмірге мүлдем уақыт жоқ. Өзімізді көпшілік ортада дұрыс ұстап, мәдениетті сөйлеуімізді продюсерлеріміз қатаң бақылайды.

– Өздеріңіз алған қымбат сыйлықтар туралы айта отырсаңыздар…

– Біз жаңа құрам болғандықтан, аса бағалы сыйлыққа әлі ие болып үлгерген жоқпыз. Дегенмен, соңғы 10 жыл көлемінде қыздардың өнерін құрметтеп, бағалы сыйлықтар табыстаған сәттер болды. KeshYou тобының әндерін ұнатып, көлік сыйлап жатқан сәттер де жоқ емес. Сол көлікті әлі күнге дейін айдап жүрміз.

– Алдағы уақытта есеп беру концерті жоспарда бар ма?

– Оны негізінен біздің продюсерлеріміз шешеді. Қазір қызу дайындық үстіндеміз. Концертімізге сұраныс өте көп болып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Қаратай өзін арандатушы деп атаған Түсіпбаеваға жауап берді

Баян Есентаева Дубайдағы ең қымбат “Версаче” қонақ үйінде демалып жатыр (видео)

Қыдырәлі Болмановтың “Бал-бала” ойыншықтары Қытайда сатылатын болды (видео)

Қарақат Әбілдина Димашты уақытында бағаламағандарды сынап тастады

Талқылау