Кениялық спортшылар Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екі алтын, бір қола салды
Фото: qazathletics.kz
Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап хабарлайды.
Нора Джеруто 3000 метр қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіру финалында жеңіске жетіп, мәреге 09:10.46 уақыт көрсеткішімен келді. Осылайша Джеруто Қазақстан қоржынына екінші алтын жүлдені салды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстанға Азия чемпионатындағы алғашқы алтынды сыйлаған Дейзи Джепкемей жарыстың төртінші күнінде қола жүлдеге қол жеткізді. Нора Джерутомен бір қашықтықта сынға түскен ол 9:12.46 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын үшінші болып кесіп өтті. Ал күміс жүлде Үндістан атлеті Парул Чаудхариға (9:12.31) бұйырды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Осылайша, ұлттық құраманың қоржынында үш жүлде бар. Бұған дейін Дейзи Джепкемей 10 мың метрге жүгіруден алтын, ал Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрістен қола жүлде еншілеген болатын.

"Қазақтың ашкөздігі - ашаршылықтан": Психолог ашаршылықтың қазақтарға қалай әсер еткенін айтты
