Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Келесі Олимпиадаға дейін біздің спортты ұмытып кетпеңіздер” — Абзал Әжғалиев

шорт-трекФото:ҰОК

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Абзал Әжғалиев Италиядағы Олимпиада ойындарын қорытындылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сондай-ақ бұл жолы жанкүйерлердің қолауы ерекше болғанын айтып, алғысын білдірді.

"Марко Ройс... Мой любимый Марко Ройс, снова не чемпион ."

Егер футболда Ройс туралы осылай айтса, шорт- тректе, бәлкім, бұл мен шығармын.

Мен үшін бұл төртінші Олимпиадам. Биыл қолдауды ерекше сезіндім: әлеуметтік желілерде жазылған жылы пікірлерді көрдім, түн ұйқысын қиып, таңға дейін отырып жарыстарымды тамашалап, жанкүйер болғандарыңызды білемін. Спортшы үшін бұл баға жетпес сезім. Баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын!

Олимпиада жолында маған қолдау көрсеткен, сенім
білдірген барлық жандарға да алғысым шексіз. Әр қолдаудың, әр жылы сөздің, әрбір артылған сенімнің орны бөлек. Барлығыңызды жақсы көремін, қадірлеймін”, — деді Абзал Әжғалиев.

Сонымен қатар Абзал Әжғалиев Қазақстанда шорт-тректің дамуына барынша үлес қосқанын, алдағы уақытта да бүл үрдісті жалғастыратынын атап өтті. Бұған қоса ол жанкүйерлерге маңызды үндеу жасады.

“Мен көп жылдар бойы еліміздегі шорт-тректің дамуына өз үлесімді қосуға тырыстым. Алдағы уақытта да осы спортты Қазақстанда кеңінен насихаттай беремін. Бұл менің миссиям әрі жүрек қалауым. Болашақта еліміз осы спорт түрінен ең мықты мемлекеттердің қатарында болғанын қалаймын. Осыған жету үшін барымды саламын.

Соңында сіздерге деген кішкентай ғана өтінішім бар: келесі Олимпиадаға дейін біздің спорт жайлы ұмытып кетпеңіздер. Алдымызда тағы төрт жыл, көптеген халықаралық жарыстар бар. Бәріне де қатысып, ел намысын абыроймен қорғауға тырысамыз. Командамызды қолдап жүріңіздер. Олимпиадада көргендеріңіздей, бұл өте қызықты әрі тартысты спорт түрі!”, – деді Әжғалиев.

Айта кетейік, Италия өткен Олимпиада ойындары Абзал Әжғалиевтің төртінші Олимпиадасы. Ол бұған дейін 2014, 2018, 2022 жылдардағы Олимпиада ойындарында бақ сынаған. Абзалдың Олимпиада ойындарындағы ең жоғарғы көрсеткіші 2022 жылғы Қытайда өткен Ақдодада төртінші орыннан көрінген. Бұл жолы ол ширек  финалдан әрі аса алмады.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 23 Ақпан, 2026 09:55