Алматыдағы ҚазҰУ университеті жатақханасының маңынан ер адамның денесі табылды
Желіде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатақханасы маңынан сенбілік кезінде қыздың мәйіті табылды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы полиция департаменті ақпаратты растады. Алайда олардың мәліметтері бойынша, мәйіт 29 жастағы ер адамға тиесілі. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жатақхананың артында асылып қалған. Денесі сот-медициналық сараптама үшін мәйітханаға жеткізілді.
“Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 29 жастағы азамат А-ның өлімінің себебін сот-медициналық сараптама белгілейді”, – делінген хабарламада.
Ал университеттің баспасөз қызметі ер адамның оқу орнына ешқандай қатысы жоқ екенін жеткізді.
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды
Қазақстанда ата-аналар Мұғалімдер күніне сыйлық алуға ақша жинап жатыр: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Ведомство әр адамға өз ұстазына алғыс айтып, видеомен құттықтауды ұсынды