Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы білім министрі ҚазҰУ-ға ректор болып тағайындалды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жаңа ректор сайланды. 

Бұл туралы Мұрат Әбенов желідегі парақшасында жазды.

"Бір сағат бұрын республикалық комиссияның шешімімен Ұлттық университеттердің екі ректоры сайланды. ҚазҰУ ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы. ЕҰУ ректоры Сыдықов Ерлан Бәттәшұлы", - деп жазды Әбенов. 

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

1980 ж. – С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Филолог» мамандығы бойынша бітірген. 2000 ж. – Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген. Филология ғылымының кандидаты.

2019 жылдың 28 ақпанынан бастап Қазақстан халықтар ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Президенті әкімшілігінің ҚХА хатшылығының басшысы болды.

Ерлан Сыдықов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды.

Ерлан Бәтташұлы Сыдықов 1956 жылы дүниеге келген, қазақ, 1978 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік бітіріп шықты.

Айта кетейік, Ерлан Сыдықов 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығымен Ерлан Сыдықов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалған.

Ал 2004 жылдың сәуірінде Ерлан Сыдықов Семей мемлекеттік педагогикалық институтын басқарған. 

Бұған дейін, әлеуметтік желілерде еліміздегі ең беделді жоғарғы оқу орындарының бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры ауысқаны жайлы ақпарат тараған еді. 

Еске салсақ, жақында ғана Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тиесілі жердің бірнеше бөлігі жеке меншікке өтіп кеткені жайлы шу шығып еді. Бұған қатысты университет өкілдері де үнсіз қалмай, таралған ақпаратты жоққа шығарды.

Талқылау