Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жатақханаларының құлағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Әлеуметтік желіде Алматыдағы жер сілкінісі салдарынан әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университететінің жатақханасы құлап қалғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған фото
Желідегі ақпаратта №6 және №8 жатақханада апат болғаны айтылған. ҚазҰУ басшылығы әлеуметтік желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
“ҚазҰУ жатақханаларында, соның ішінде №6 және №8 жатақханаларда қираулар мен құрбандар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Құрбандар мен құлаған ғимараттар жоқ”, – делінген хабарламада.
Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Полиция азаматтарды ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырады және ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге кеңес береді.
"Жалған ақпарат таратпаңыздар, жалған ақпараттың көбеюіне ықпал етпеңіздер, дүрбелең мен қорқыныш ұялатпаңыздар", – деп ескертті ІІМ.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды