Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның жеті облысында жаңа прокурорлар тағайындалды

Қазақстанның бірқатар облыстарында жаңа прокурорлар тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі, Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен бірқатар облыстардың прокурорлары тағайындалды", - делінген сәрсенбі күнгі құжатта.

Жаңадан құрылған Ұлытау облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев болды.

Бақашбаев Ж.К. еңбек жолын 1985 жылы Целиноград қаласындағы Ленин аудандық прокуратурасында тағылымгер болып бастаған.

Прокуратура органдарындағы тәжірибесі 35 жылдан астам.

Абай облысының прокуратурасын 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Абаев Ерлан Масғұтұлы басқарды.

Ерлан Абаев прокуратура органдарында 1992 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 30 жыл.

Аға әділет кеңесшісі Басшыбаев Мадияр Бекенұлы Жетісу облысының прокуроры болып тағайындалды.

Басшыбаев М.Б. еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе облысының прокуратурасында басқарма прокуроры лауазымында бастады.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 20 жыл.

Батыс Қазақстан облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Шалабаев Серік Рысқалиұлы тағайындалды.

Серік Шалабаев прокуратура органдарында 1992 жылдан бастап жұмыс істейді. Қызмет жолын Ақтау қаласы прокуратурасында тағылымгер ретінде бастады.

Құқық қорғау органдарындағы 30 жылдан астам еңбек өтілі бар.

Ақтөбе облысының прокуратурасын 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Зиноллаұлы Дәуешов басқарды.

Халидулла Дәуешов прокуратура органдарындағы қызметін 1991 жылы Гурьев облысы Гурьев қаласы прокуратурасында тағылымгер болып бастады.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 31 жыл.

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы Бас көлік прокуроры болып тағайындалды.

Тимур Сүлейменов қызметін 1997 жылы Алматы қаласының Алмалы ауданы прокурорының құқықтық статистика жөніндегі көмекшісі ретінде бастаған.

Прокуратура органдарында 24 жылдан астам еңбек өтілі бар.

Маңғыстау облысының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттықов тағайындалды.

Руфат Құттұқов еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі – 22 жылдан астам.

Жұмақанов Бауыржан Альбертұлы Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды.

Жұмақанов Б.А. еңбек жолын 2001 жылы Ақтөбе облысындағы құқықтық статистика органдарында бастаған.

Прокуратура органдарында 20 жылдан астам уақыттан бері қызмет етіп келеді.

 

Талқылау