Қазақстанның спорт министрі Кениядан келген натурализацияланған спортшылардың мәртебесі жайлы айтты
Фото: Stan.kz
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Түркия мен Қазақстандағы Руанда Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Чарльз Кайонгомен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кездесу барысында министр Африка елінен келген спортшыларды Қазақстандағы оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақырды.
Қазақстанның жеңіл атлетика құрамасы Кениядан шыққан натурализацияланған спортшылар — Нора Джеруто мен Дейзи Джепкемейдің құрамдағы мәртебесі туралы пікір білдірді. Бұл спортшылар 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан азаматтығын алған және еліміздің атынан халықаралық ареналарда өнер көрсетіп келеді.
Нора Джеруто мен Дейзи Джепкемей Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың сапына енді. Джеруто 3000 метр кедергілермен жүгіруде, ал Джепкемей 5000 және 10000 метр қашықтықтарда бақ сынайды.
“Алматы облысында 2300 спортшыны бір мезгілде қабылдай алатын, 23 олимпиадалық спорт түрі бойынша жаттығу өткізуге арналған олимпиадалық дайындық базасы жұмыс істеп тұр. Бұл – Орталық Азиядағы ең ірі спорттық нысандардың бірі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Руанда спортшыларын Қазақстанда бірлескен оқу-жаттығу жиындарына шақырамын. Біз сонымен қатар жаттықтырушылар мен спорт мамандарымен тәжірибе алмасу сияқты бағыттарда да ынтымақтастыққа дайынбыз”, – деді Ербол Мырзабосынов.
Құрама басшылығы екі спортшының да Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (World Athletics) талаптарына толық сай екенін және Қазақстан туы астында өнер көрсетуге құқылы екенін растады.
Федерация өкілдерінің пікірінше, мұндай сәтті натурализация мысалдары команданың ішкі бәсекелестігін арттырып, Қазақстан спортының халықаралық беделін нығайтуға ықпал етеді.

"Оқушылармен бір vibe-тамын": Желіде тренд түсірген мектеп директоры жұрттың ықыласына бөленді
