Қазақстанның премьер-министрі қалай тағайындалады
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қазақстанда жаңа премьер-министрдің қалай тағайындалатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: primeminister.kz
"Конституциямызға сәйкес, “Аманат” саяси партиясы премьер -министрдің кандидатурасын ұсынады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партия ұсынған кандидатураны мақұлдап, парламент мәжілісінің қарауына енгізеді. Егер мәжіліс келісімін берсе, президент бұл қызметке жаңа премьер-министрді тағайындайды", – деді Берік Уәли.
Артынша Қазақстан Республикасы үкіметі қайта құрылады.
"Бұған дейін хабарлағанымыздай, 7 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді", – деді ол.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел үкіметін отставкаға жіберу туралы қаулыға қол қойды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады