Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның оңтүстік облыстарында өзен суы көтеріледі: Қазгидромет ескерту жасады

Қазгидромет бірнеше өңірде өзен суы деңгейі көтерілетінін ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"2022 жылғы 13-15 наурыз аралығында Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының тау етегіндегі аудандарында аралас жауын-шашын (көбіне жаңбыр) болжамдарына сәйкес баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі", –  делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ 13 наурызда Алматы қаласында күндіз қатты жаңбыр жауады деген болжам бар.

Ал Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында 13-15 наурыз күндері қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады.

"13 наурызда оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін барады", – дейді синоптиктер.

Талқылау