Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Аралбай Төлеубек өмірден озды

Танымал театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Аралбай Төлеубек қайтыс болды. Қаралы хабарды Халықаралық театр сыншылар бірлестігі жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазақ мәдениеті мен өнері ауыр қазаға ұшырады. Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі, театр және кино актері Аралбай Төлеубек Мұхамеджанұлы өмірден өтті. Өнер майталманы болған дара тұлғаның қазасына байланысты отбасы мен жақындарына, әріптестері мен күллі қазақ жұртына қайғыра көңіл айтамыз.
Дара талант есімі қазақ өнерінде алтын әріптермен жазылып қалмақ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Аралбай Төлеубек 1950 жылы Семей қаласында туған. "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері. 

1976 жылдан бері - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.
"Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Айдаһар жылы" (Мылқау Қытай) кинофильмінде, "Шегіртке" (Әлихан) телесериалында, "Азияшыл", "Жаужүрек мың бала" (Рахымжан) фильмдерінде ойнаған. 

Stan.kz ақпарат агенттігі марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Талқылау