Қазақстаннан 15 млн доллар ақша ұрлап қашып кеткен күдікті Мәскеуде қолға түсті
Ресейде аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен қашып жүрген қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Агенттіктің мәліметінше, қолға түскен азамат Валерий Власов Алматы қаласы бойынша департаменті "РБК Банкі" АҚ несие қаражатын жымқырғаны үшін іздеуде жүрген болатын. Келтірілген шығынның көлемі 15 миллион долларды құрады.
Власов 2018 жылдан бері халықаралық іздеуде жүр. Күдіктіні Мәскеу облысының аумағынан ұтаған және қазір ол сол жерде қамауда отыр.
Қазіргі таңда қашқынды Қазақстанға экстрадациялау мәселесі шешілуде.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан