Қазақстанға көлікпен бидай әкелуге тыйым салынбақ
Қазақстан аумағына көлікпен бидай импорттауға шектеу енгізілуі мүмкін деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Ашық" НҚА порталында жарияланған Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында жазылған.
"Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тұқымдық бидайды қоспағанда, бидай импорттауға алты айға тыйым салынсын. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін", – делінген Ауыл шаруашылығы министрінің бұйырығында.
Құжат 5 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған