Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әнші концерттен соң ұйықтағанда тылсым күш әсерінен қозғала алмай қалатынын айтты

Қазақстандық қыз-келіншектер мен ер азаматтар тылсым күшпен бетпе-бет кездескен кездері туралы айтып берді.

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Қаңтар айының 14-і күні америкалық қолданушы елес туралы видеосын бөлісті. Аталған видеода қолданушының қызының қасындағы ойыншықтар мен үстел үстіндегі заттар өздігінен қозғала бастайды. Көпшілік осы видеоны көріп қатты қорқып қалғанын жазып жатты. Алайда мұндай жағдай тек шетелде болмайды. Біздің елімізде де тылсым күш иелермен бетпе-бет кездескен азаматтар бар. Олар отандық бағдарламада бастарын өткерген оқиғаларын баяндап берді.

“Жолдасым жұмысқа кеткен кезде, үйде бір өзім қонамын. Осындайда терезені біреу қаққандай болып тұрады. Есіктің тұсына да біреу келіп тұрған сыңайлы күй кешемін. Әйтеуір, бойымды үрей билейді. Тарсылдаған дауыстан алаңдап жүремін. Бірақ терезе жаққа қарасам, ешнәрсе жоқ. Әрине, үйдің ішін аластап, жұма күні жеті шелпек пісіремін. Артынша оны жұртқа таратамын”, – дейді 27 жастағы Мейрам.

16110533_1660204873993523_4695494900685209600_n

Дәл осындай оқиға тағы да бір қазақстандық келіншектің басынан өткен екен. Алайда ол бағдарламаның редакциясына хат жазып, есімін жасырып қалуды өтінген.

“Қорыққанға қос көрінетіні рас екен. Үйде екі баламмен бірге тұрамын. Үлкені екіде, кішісі – екі айлық. Күйеуім көбінесе жұмыстарымен қалада жүреді. Арасында айлап көріспейтін кездеріміз болады. Түнде қорқып ұйықтаймын. Бір зат тықыр етсе болды қолым мұздап шыға келеді. Түнде біреу терезеден немесе есіктен кіріп келетіндей болып тұрады. Ауру болатын болдым. кешкі алтыдан кейін үйдің есігін тас кілттеп аламын. Кімнің басында осындай жағдай бар? Менің денсаулығым жалпы дұрыс па екен?”, – дейді есімін жасырған келіншек.

Әйел заты сезімтал болғандықтан, мұндайда үрейге бой алдыратыны анық. Ал ер адамдардың жағдайы өзгеше. Оларда көбінесе “бастырылу” үрдісі жиі кездеседі екен. “Саламат” тобының бұрынғы мүшесі Елдар Омаров өзінің көп “бастырылатыны” туралы айтып жатыр.

“Әншілер көбінесе түнге дейін студияда жүріп қалады. Әсіресе, концерттен шығып, шаршап ұйықтаған кезімде сондай жағдайлар болады. Жиі деп айта алмаймын. Яғни ұйықтап жатып кенет қолыңды да, басыңды да қозғалта алмай қаласың. Біраз уақыт қимылсыз жатасың. Даусың да шықпай қалады. Тек қана ойлануға мүмкіндігің болады. Көбінесе іштей фатиха сүресін айтып, білетін дұғаларымды оқимын. Арада біраз уақыт өткен соң қайта қалпыма келемін. Қаншалықты аз-көп дәл осылай бастырылып жатқанымды айта алмаймын. Былайынша түнгі ұйқым тыныш”, – дейді Елдар Омар.

Тылсым күштер туралы желіде осы секілді оқиғалар жетерлік. Мамандар мен дін қызметкерлері оның түрлі себебінің бар екенін айтады. Мысалы, психологтар әйелдер ерлерін үйге қайтару үшін осындай оқиғаларды бейсаналы деңгейде ойлап табатындығын тілге тиек етіп жатыр. Ал сізде осы секілді жағдайлар болған ба?

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жұрт екі түрлі еркектен некесіз балалар туған әйелді сынап тастады

Психолог еркектердің не себепті көңілдес іздейтінін ашып айтты

Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға

Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты

Талқылау