Қазақстандықтар қажылыққа үш қаладан тікелей рейстермен қатынай алады
САК Қажылық министрлігінің қажылық сапарын ұйымдастыруға енгізген жаңа ережесіне сәйкес, өткен жылдан бастап ашылған тікелей рейс отандастарымызды Мәдина, Жидда қалаларына 5 сағат 30 минутта жеткізеді.

Қазақстандық қажыға барушылар Меккеге және Жиддаға Астанадан, Алматы және Шымкенттен тікелей рейстермен жете алады деп хабарлайды бейсенбіде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан.
Меккеге қажылыққа бару биыл 7 қыркүйектен басталады. Қазақстаннан қажылыққа барушыларға үш мың жеңілдік бөлінген болатын.
“Қажыларымыз осы негізгі ірі қалаларымыздан ұшады. САК Қажылық министрлігінің қажылық сапарын ұйымдастыруға енгізген жаңа ережесіне сәйкес, өткен жылдан бастап ашылған тікелей рейс отандастарымызды Мәдина, Жидда қалаларына 5 сағат 30 минутта жеткізеді”, – деді наиб мүфти, Қазақстан Қажылық Миссиясының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматыда өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн