Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады (фото, видео)

Қазақстандық жұлдыздар ел тұрғындарын әлеуметтік желі арқылы тәуелсіздік мерекесімен құттықтап жатыр. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осы ретте назарларыңызға еліміздегі танымал тұлғалардың құттықтаулар топтамасын ұсынамыз.

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова, “Құрметті Қазақ елі! Сіздерді Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Өздеріңізге берекелі ғұмыр, бейбіт аспан, мықты денсаулық тілейміз. Барша бастама-талпыныстарыңыз жемісті болып, туған жеріміз, еліміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін!” – деп жазады Инстаграмдағы парақшасында.

Ал желіде 1 миллион жазылушысы бар Алтынай Жорабаева мерекемен құттықтап, өзінің репертуарындағы әннің мәтінін жариялап қойған. Сөз соңында әнші “Тәуелсіздігіміз маңдайымызға мәңгілікке бұйырсын! Әмин!” деп жазады. Еске сала кетейік, Алтынай жуырда ғана ҚР еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленген болатын.

 

🇰🇿🇰🇿🇰🇿. Дархан елім , не деген шалқар едің , Байтақ далам дастансың айта алмаған! Орман, көлім ,кіндік қан тамған жерім , Өзіңе кеп басады аңсаган арман демін . Мақтанамыз досқа да жатқа аңыз , Отан жайлы , шаттық жыр ақтарамыз Жерұйықсың өзгеден ең биіксің ! Картадан паң қарайтын сен биік керме иықсың! Өрлей бер талмай самға Қазақстаным алға Ұмтылған арай таңға Осындай сұлу, кең өлке Егемен дуниеде мынау бар ма ? қиындық жолын білмей , Қазақстаным гүлдей Құлпыра жайна күндей! ма?! (сөзі:Толымбек Әлімбекұлы . әні: Өктем Алтаев) ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ МАҢДАЙЫМЫЗҒА МӘҢГІЛІККЕ БҰЙЫРСЫН! ӘМИН!

Фото опубликовано Алтынай Жорабаева (@zhorabayeva)

Ал жұлдызды жұп Мирас пен Құралай мерекелік іс-шаралардың бірінде тұрып әнұранды қосыла шырқайды.

Құттықтау жолдағандардың арасында әнші Дильназ Ахмадиева да бар. 

Әнші Лидоның құттықтауы ерекше шығыпты. Ол өзінің кішкентайының салған суретін желіге жүктеп, құттықтаған.

 

Ал патриоттық көзқарастарымен әркез көптің көңілінен шығып жүретін Сәкен Майғазиев бейне құттықтау жолдапты.

 

😊🇰🇿👼🏻👨‍👩‍👧‍👦🏡🍞🌎🍯📚🕋🏇☀️ #Қазақстан #тәуелсіздікке25жыл

Видео опубликовано Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Тағы оқыңыз: 16 желтоқсан тәуелсіздік күні туралы мәлімет

Талқылау