Қазақстандық жүргізушілерге қандай жағдайда куәліксіз көлікпен жүруге рұқсат беріледі
ҚР Бас прокуратурасының статистика мен арнайы есеп комитетінің төрағасы Бағдат Мусин көлік жүргізушілеріне қатысты бірқатар мәселелерді айтып өтті.
Бағдат Мусин қазақстандықтардың қандай жағдайда көлікті куәліксіз жүргізуге болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл мәселе әкімшілік өндірістің автоматтанған жүйесі арқылы шешеді. Осы мақсатта комитет Е-айыппұл жобасын енгізген. Ол мобильді термопринтер арқылы жүзеге асады. Құқық бұзушының қолы қойылып, айыппұл POS-терминал арқылы төленеді.
Осылайша жүргізушілер өзімен бірге куәлік алып жүрмей-ақ көлік жүргізе алады.
«Қазан айының соңында премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен өткен жиыннан соң жүргізушілердің өзімен бірге бірнеше құжатты (техникалық паспорт, жүргізуші куәлігі, жеке куәлік, сақтандыру қағазы, техникалық байқауда өту қағазы) алып жүрмеу мәселесі қаралды. Е-айыппұл жобасы енгізілген қалаларда жеке куәліктен басқа ешнәрсе алып жүруге міндеттелмейді. Тек енді қай әкімнің бұл жобаны қолға алатынын күтеміз», – дейді Мусин.
Астана мен Алматыда, Шымкентте тұрғындарға кез келген ХҚКО-дан жүргізуші куәлігін беретін жоба енгізілді. Куәлікті рәсімдеу кезінде тұрғын өтініш жаза отырып, куәлікті алуға ыңғайлы болатын ХҚКО-ның бөлім нөмірін, мекен-жайын көрсетуі керек.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстан үкіметі Парижде 65 млн евроға пәтер сатып алды