Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы әлемнің үздік ауыр атлеті атануы мүмкін

77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов 2016 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің үздік спортшысы атануы мүмкін.

?????????????????????????????????

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Марапатты Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) табыстайды. Оған Рио олимпиадасын алтын медаль алған жеті чемпион үміткер атанып отыр. Олардың арасында – колумбиялық Оскар Фигероа (62 келі), қытайлық Лун Цинцюань (56 келі), ирандық Киран Ростами (85 келі), өзбекстандық Руслан Нурутдинов (105 келі) және грузин Лаша Талахадзе (105 келіден жоғары) бар.

Дауыс беру IWF сайтында жүргізілуде. Еске сала кетсек, 23 жастағы Рахимов Рио олимпиадасында серпе көтеруде әлемдік рекорд орнатқан болатын. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша 379 келіні (165+214) еңсерді. Осылайша ол қарсылас шақ келтірмей топ жарып, олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды.

Оқи отырыңыз:

Боксшы Баду Джек төрешіні талдырып құлатты (видео)

Қазақстандық ауыр атлет Пекин олимпиадасының “чемпионы” атанды

Головкин жекпе-жек алдындағы секс туралы айтып берді

Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты

Талқылау