Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстандық мұғалімдерді 48 жаста зейнетке шығару ұсынылды
Қазақстанда мұғалімдерді 48 жаста зейнетке шығару ұсынылды. Мұндай мүмкіндік «Мұғалімдердің мәртебесі туралы» заң жобасында қарастырылды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Қазақстанда еңбек өтілінде үзіліс болмаған ұстаздарды 48 жаста зейнетке шығару туралы ұсыныс тасталды. Сонымен қатар аталған заң жобасында мұғалімдерге жаңа мемлекеттік сыйлық беру мәселесі қарастырылған.
«Біздің заң жобамыздағы тағы бір қуанышты жаңалық – бұл үздік педагогтерді марапаттау. Яғни біз «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік сыйлығын енгізуді ұсынып отырмыз», – дейді ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директорының орынбасары Сәуле Қабимолдаева.
Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарда педагогтардың еңбегін марапаттау үшін қосымша шараларды қабылдау құқығы сақталады.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді