Қазақстандық банкир Белорусиядағы ең қымбат пәтерді сатып алды
Қазақстандық бизнесмен әнші Анжелика Агурбаштың пәтерін сатып алды. Ол Минскте жыл басынан бері сатылған пәтерлердің арасындағы ең қымбаты ретінде бағаланған.

Сурет kleo.ru
Бұл туралы “Наша Нива” хабарлайды.
Анжелика Агурбаштың Пионерской көшесінде орналасқан пәтері 435 мың долларға сатылған. Элиталы тұрғын үйдің аумағы – 212,3 шаршы метр. Бұл пәтердің бір шаршы метрінің өзі 2 мың доллардан жоғары тұрады екен.

Сатылым осы жылдың ақпан айында жасалған.

Бұған дейін ресейлік әнші Анжелика Агурбаш қазақстандық бизнесмен Анатолий Побияхомен ара-қатынасын үзгені туралы хабарланған еді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған